Ғылыми дипломатия іс жүзінде: Yessenov University мен Әзербайжан ![]()
![]()
4 ақпан күні Yessenov University президент-ректоры Берік Ахметов Әзербайжаннан келген жетекші ғалымдар делегациясымен мазмұнды кездесу өткізді. Қонақтар қатарында:
Баку мемлекеттік университетінің халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Рауф Хасанов
БМУ профессоры Эльдар Джафаров
Баку инжиниринг университетінің профессоры Вали Гусенов болды.
Кездесу барысында бірлескен ғылыми зерттеулер, халықаралық ынтымақтастық және білім беру саласындағы жаһандық үрдістер талқыланды. Сонымен қатар Баку мемлекеттік университетімен қалыптасқан ұзақ жылдық серіктестік ерекше аталып өтті.
Yessenov University жанындағы Әзербайжан орталығының белсенді жұмысы мен екіжақты байланысты дамытудағы үлесі жоғары бағаланды.
Маңызды жаңалық: «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша қосдипломды білім беру бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Биыл екі жоғары оқу орнының дипломын қатар алатын алғашқы түлектер күтілуде.
________________
Научная дипломатия в действии: Yessenov University и Азербайджан ![]()
![]()
4 февраля президент-ректор Yessenov University Берік Ахметов провёл содержательную встречу с делегацией ведущих учёных из Азербайджана. В числе почётных гостей:
Рауф Хасанов — руководитель отдела международных связей Бакинского государственного университета
Эльдар Джафаров — профессор БГУ
Вали Гусенов — профессор Бакинского университета инжиниринга
В ходе встречи обсуждались совместные научные исследования, вопросы международного сотрудничества и глобальные тенденции в сфере образования. Особо была отмечена многолетняя партнёрская связь с Бакинским государственным университетом.
Высокую оценку получила также активная деятельность Азербайджанского центра при Yessenov University и его вклад в развитие двусторонних отношений.
Важная новость: успешно реализуется двудипломная образовательная программа по специальности «Международные отношения». Уже в этом году ожидается первый выпуск студентов, которые получат дипломы сразу двух вузов.

























