Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері: Ақтау – Орал – Баку

🎓 Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері: Ақтау – Орал – Баку

26 қаңтар мен 6 ақпан аралығында еліміздің ең көне жоғары оқу орындарының бірі — Орал қаласындағы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде (БҚУ) академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асырдым.

Бұл екі апталық тәжірибе алмасу сапары екі форматта өтті:

🗓 26–30 қаңтар: Орал қаласындағы офлайн (күндізгі) сапар.

🗓 2–6 ақпан: Қашықтықтан (онлайн) оқыту модулі.

Yessenov University-нің «Халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы және Әзербайжан орталығының директоры ретіндегі басты мақсатым — тек дәріс оқу ғана емес, ұзақ мерзімді әріптестік көпірін орнату болды.

✅ Сапардың негізгі нәтижелері:

🔹 Жоғары деңгейдегі кездесулер. Университет басшылығымен, деканатпен және кафедрадағы әріптестермен нәтижелі келіссөздер жүргіздім. Біз студенттер мен оқытушыларға арналған академиялық ұтқырлықты дамытудың нақты қадамдарын талқыладық.

🔹 Әзербайжан бағыты. БҚУ-да әзербайжан бағытын дамытуға ерекше назар аударылды. Yessenov University мен Баку мемлекеттік университеті (БМУ) бірлесіп жүзеге асыратын қос диплом бағдарламасын табысты үлгі ретінде ұсындым. Бұл тәжірибе екі елдің білім беру жүйесін сапалы интеграциялау моделі ретінде әріптестердің қызығушылығын тудырды.

🔹 Студенттермен жұмыс. «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының студенттерімен өткен кездесулер жастардың жаңа білімге және халықаралық жобаларға деген сұранысының жоғары екенін көрсетті. Біз геосаясат, дипломатия және Каспий өңірінің рөлі туралы пікір алмастық.

М. Өтемісов атындағы БҚУ ұжымына жылы қабылдау және сындарлы сұхбат үшін алғыс айтамын! Қол жеткізілген келісімдер жақын арада өңірлеріміз арасындағы байланысты нығайтатын нақты жобаларға айналатынына сенімдімін.

Жұмысты жалғастырамыз!

----

🎓 Новые горизонты сотрудничества: Актау — Уральск — Баку

С 26 января по 6 февраля я реализовал насыщенную программу академической мобильности в одном из старейших вузов страны — Западно-Казахстанском университете имени Махамбета Утемисова (ЗКУ) в городе Уральск.

Это были две недели интенсивного обмена опытом, разделенные на два формата:

🗓 26–30 января: Очный (офлайн) визит в Уральск.

🗓 2–6 февраля: Дистанционный (онлайн) модуль.

Как директор Азербайджанского центра и старший преподаватель кафедры «Международные отношения» Yessenov University, я ставил перед собой цель не просто прочитать лекции, а выстроить мост для долгосрочного партнерства.

✅ Ключевые итоги поездки:

🔹 Встречи на высоком уровне. Провел продуктивные переговоры с руководством университета, деканатом и коллегами с кафедры. Мы обсудили конкретные шаги по развитию академической мобильности как для студентов, так и для преподавателей.

🔹 Азербайджанский вектор. Особое внимание уделили развитию азербайджанского направления в ЗКУ. В качестве успешного кейса я презентовал нашу программу двойного диплома, реализуемую Yessenov University совместно с Бакинским государственным университетом (БГУ). Этот опыт вызвал живой интерес коллег как модель качественной интеграции образовательных систем двух стран.

🔹 Работа со студентами. Встречи со студентами образовательной программы «Международные отношения» показали, насколько велик запрос молодежи на новые знания и международные проекты. Мы говорили о геополитике, дипломатии и роли Каспийского региона.

Благодарю коллег из ЗКУ им. М. Утемисова за теплый прием и конструктивный диалог! Уверен, что достигнутые договоренности в ближайшее время трансформируются в реальные проекты, укрепляющие связи между нашими регионами.

Работаем дальше! 🚀🇦🇿🇰🇿