Референдум

Өз университетімнен түсірілген мына суреттерге қарап отырып, ойыма еріксіз мынадай пікір келеді: біз тек білім беріп қана қоймаймыз. Біз еліміздің ертеңгі күні өмір сүретін ортаны қалыптастырамыз.

Халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы ретінде мен күн сайын студенттерімнің от жаніп тұрған жанарын көремін. Бұл жаңа буын — өршіл, білімді және жаһандық деңгейде ойлай біледі. Дәл осы жастар үшін, олардың мүмкіндіктері мен келешегі үшін бүгін дұрыс қадам жасау бізге өте маңызды.

🗓 15 наурызда бізді маңызды оқиға күтіп тұр — Референдум.

Халықаралық қатынастар мен дипломатия саласына жылдарын арнаған маман ретінде, бұл мен үшін жай ғана дауыс беру рәсімі емес.

«Әзербайжан орталығы» қоғамдық қорының директоры ретінде мен әлемдік аренада мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қоғамның парасатты, салмақты шешім қабылдай білу қабілеті қаншалықты жоғары бағаланатынын жақсы білемін.

Халықаралық қатынастарда мықты серіктестерді құрметтейді. Ал елдің қуаты тек табиғи байлықпен ғана емес, шешуші тарихи сәттердегі ұлттың ауызбіршілігімен өлшенеді. Референдумға қатысу — Қазақстанның өз даму жолына жауапкершілік алуға дайын, белсенді азаматтық қоғамы бар мемлекет екенін бүкіл әлемге паш етудің жолы.

Мен барша әріптестерімді, достарымды, студенттерімді және жақындарымды шет қалмауға шақырамын. 15 наурыз күні уақыт табыңыздар. Сайлау учаскелеріне келіңіздер. Өз таңдауларыңызды жасаңыздар.

Бұл — біздің азаматтық борышымыз әрі мәртебеміз.

Глядя на эти фотографии из родного университета, я каждый раз ловлю себя на мысли: мы не просто передаем знания. Мы формируем среду, в которой завтра будет жить наша страна.

Как старший преподаватель кафедры международных отношений, я каждый день вижу горящие глаза студентов. Это новое поколение — амбициозное, умное, глобально мыслящее. И именно ради них, ради их возможностей и перспектив, нам важно делать правильные шаги сегодня.

🗓 15 марта нас ждет важное событие — Референдум.

Для меня, как для человека, посвятившего годы сфере международных отношений и дипломатии, это не просто процедура голосования.

Как директор Общественного фонда «Азербайджанский центр», я знаю, насколько высоко в мире ценится внутренняя стабильность государства и умение общества принимать зрелые, взвешенные решения.

В международных отношениях уважают сильных партнеров. А сила страны измеряется не только ресурсами, но и единством нации в ключевые исторические моменты. Участие в референдуме — это наш способ показать миру, что Казахстан — это государство с активным гражданским обществом, готовым брать ответственность за свой путь развития.

Я призываю всех своих коллег, друзей, студентов и близких не оставаться в стороне. Найдите время 15 марта. Придите на участки. Сделайте свой выбор.

Это наш гражданский долг и наша привилегия.